Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

Жалпыадамзаттық құндылықтар

24.11.2019

23 қарашада Кеңес орта мектебінде өзін- өзі тану пәні мұғалімі Аятхан Жәнібек оқушылармен « Сүйеспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет- оның шынайы өмірі » тақырыбында шаттық шеңбері өтті. Бұл тақырыпты талқылау және әңгімелесуге 10-11 сынып оқушылары қатысқан болатын, оқушылар бұл тақырыпта белсенді қатысып өз ойларын ашық айтып, өздерінің рухан- адамгершілік әлеуетін арттыруға арналған көптеген мәліметтермен танысып талқыға салды. «Жүрек қуанышы» атты тақырыпта оқушылар өздерінің суреттерін салып шағын көрме өткізілді. «Сүйіспеншілік- әрбір жүректе» атты тақырыпта өзін- өзі тану пәні мұғалімі Аятхан Жәнібек ашық сабақ және « Адамның бойындағы асыл қасиеттер» деген тақырыпта бейнеролик әзірлеп көрсетті.Оқушылар іс-шараға белсенді қатысты.Барлық өткізілген іс- шаралар мектеп сайытына және әлеуметтік желіге жарияланды.

Достық...

Айтуға асықтырған біл деп кеңес,

Жан ашыр адамды кім құрметтемес?

Біреудің адал досы болу үшін,

Әрдайым бірге жүру міндетті емес!

Дос - деген бағың шығар басыңдағы,

Сорың болса төгеді жасыңды әлі.

Көрмей жүрген достарым жақын кейде,

Көре алмайтын жолдастан қасымдағы.

Тағдырың талай мен дос қылады екен,

Бұлда бір жаратқанның сынағы екен.

Біреулер етіңді жеп, ал біреулер,

Ет бауыры елжіреп тұрады екен.

Адалдық- өтірікті жақтырмайды,

Жалғаншының басында бақ тұрмайды.

Таптырмайтын досым деп мақтағандар,

Қиналғанда шынымен таптырмайды.

Іздегеннің жанынан табыла бер,

Іздемесе алыстан сағына бер.

Досым көп деп мақтанған дұрыс шығар,

Сапасы сай болса саныда егер!

Кедей болсын ,бай болсын қарамаймын!

Әрқашан адалдығын бағалаймын.

Итімнің дос болғанын қалағанмен,

Досымның ит болғанын қаламаймын...

                     Кеңес орта мектебінің өзін-өзі тану пән мұғалімі: Аятхан Жәнібек

Просмотров: 473


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст