Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

19.12.2019

Ыбырай Алтынсарин атамыз «Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.Дүниедегі мамандық атаулының төресі-ұстаздық.Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жан.Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді.Ұстазға құрмет көрсету-білімге құрмет көрсету.Осы орайда бүгін Кеңес орта мектебінде ардагер ұстаздарымен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Е.Аскенова «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында оқушылар өзара өзекті ой бөлісіп, Елбасы тапсырмаларын тиянақты орындап, жаңа заманның тарихын қалыптастыратын қайсар да өр білімді де білікті, рухани дүниесі бай болатындықтарына сенім білдірді. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» дегендей мектебіміздің мақтан тұтар ұстаздары Аскенова Күлпаш Хамитқызы мен Ермағамбет Бақытжамал Әнуарбекқызы , Шерьязданов Ережеп Көкенұлы дөңгелек үстелдің құрметті қонағы болып, оқушыларға ақылдарын айтты.Ұстаз- мектептің жүрегі, қоғамның тірегі.Осындай ұлағатты ұстаздарымызға зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз!

Просмотров: 438


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст