Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

Балбөбектегі ертеңгілік

27.12.2019

Кеңес орта мектебінде кеше «Балбөбек» шағын орталығында «Лунтик және оның достары» атты жаңа жылдық мереке өтті. «Балбөбек» шағын орталығының әдіскері Ахметқалиева Қарлығаш Бегайдарқызы, және тәрбиешілері Жаналина Қымбат,Жунусова Самал, Шайза Алия, Садыкова Асель, Жунусова Аягөз,Сейфуллина Әйгерім апайларға алғысымыз шексіз. Ертеңгілік өте тамаша өтті. Бүлдіршіндердің балдай тәтті тілдері мен әсем әндері, шебер билері ата-аналар мен ауыл тұрғындарының көңілінен шықты. Әсем шыршаны тамашалап,ән айтып, би билеп, көрініс қойып, сыйлық алған сәттері қандай қызық! Жаңа жыл жаңа табыстар мен молшылық, береке, әр үйге тек шаттық әкелсін!Балапандарымыз қызыққа тоймай жыл сайын жаңа жылда қарсы алып, өсе берсін.Балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлеріне зор алғысымызды білдіреміз.Еңбектеріне жеміс, шығармашылық табыстар тілейміз. Кеңес ауылының тұрғыны ата-ана Аскенова Г.Е

Просмотров: 414


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст