Текст
Бастауыш сынып мұғалімі Күлпаш Хамитқызы Аскенова қысқы демалыс кезінде 3-ші сыныпта дойбыдан оқушылар арасында сыныптық жарыс өткізді. Жеңімпаз болуға асыққан балалар ойынды қызыға ойнады.Сынып екі топқа бөлінді. «Бекболат» тобы және «Расул» тобы.Топ басшылары серіктестеріне қарсыласын жеңу үшін білгендерін айтып, жанашырлық танытты. Үзіліс кезінде балалар көңілді биледі.Ең қызығы топ басшыларының кезекті ойыны болды.Екеуі де тамаша ойнады. Бір-бірін жеңе алмай, қосымша берілген 3-ші ойында Расул топ басшысы жеңіске жетті.Есеп 3:2 болып аяқталды. Жеңімпаз топ мүшелері марапатталды. Оқушылар үшін демалыс уақыты қызықты өтуде.