Бұл конкурс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бойынша қатысушылар «Мұғалімнің жұмыс жүйесі» атты Презентацияларын қорғады. Ұстаздар мектепте пән бойынша бейнесабақ немесе ашық сабақ фрагменттерінен көрсетті. Екінші кезең таныстыру. Бұл кезеңде әр ұстаз өзін әр қалай таныстырды. Біреуі өлең жолдарын оқып ақындық өнерімен таныстырса, ал енді біреулері слайд арқылы таныстырып жатты. Үшінші кезеңде шығармашылық есеп «Ұстаз атына лайық ...» атты фотокөрме, оқытудың жаңа технологияларын ұтымды пайдалану жолдары, мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, шығармашылық іс-әрекетін көрсетті. Конкурс өте қызықты өтті. Жеңіске математика пәні мұғалімі Шермаханбет Төлеби Нұрманұлы жетті. Шермаханбет Төлеби Нұрманұлы аудандық конкурсқа жолдама алды. «Ең үлгілі ұстаз» номинациясына бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Жұпар Жанболатқызы, «Ең белсенді ұстаз» номинациясына химия пәні мұғалімі Нұржанов Әділ , «Ең жас ұстаз» номинациясына ағылшын тілі пәні Бағдаулет Ақжол ие болды.