Ақпанның 3 күні Кеңес орта мектебінде өзін- өзі тану пәі бойынша «Өзін- өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі басталды. Осы іс- шараның бастамасы ретінде өзін- өзі тану пәні мұғалімі Аятхан Жәнібек және ағылшын пәні мұғалімі Жанат Гүлмира «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық марафонын өткізген болатын. Бұл іс- шараға 5-10 сынып аралығындағы оқушылар қатыстырылды. Шараның басты міндеді жағдайы төмен және жалғыз басты қарттарымызға көмектесу болып табылды. Оқушылар ауылымыздағы зейнеткер мұғалім Лукьянова Раиса Ивановна апамыздың үйіне барып толассыз жауған қар мен боранның салдарынан жиналған қалың қарды тазартып жол ашып берген болатын. Ер балалар сырттың жұмысын істеген болса қыз балалар үйдің жұмысына көмектесті. Осы іс- шарадан оқушылар апамыздың батасын алып әр кезде қарт адамдарға қол үшін беріп мейірімділікке, сүйіспеншілікке еңбекқорлыққа деген қоржынын толтыра түсті. Істеген істеріне өздеріде қуанып жұмыстан ләззат ала білді.