Текст
Ақпанның жетісі күні бастауыш сынып оқушылары аралығында «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылыр тек ғана суреттермен шектелмей анасына, ұстазына және достарына арнап түрлі ашық хаттар да жасап, ізгі тілектерін білдірді. Ал, 1-ші сынып оқушылары мен ата-аналары мектепке деген сүйіспеншілігін жеткізу мақсатында қабырға газетін жасады. Бұл жерде «Үштік одақ» ұғымының жүзеге асуын, яғни ата-ана, оқушы және мұғалімнің арасындағы жағымды қарым-қатынасын байқауға болады.