Текст
Бүгін Кеңес орта мектебінде 9-11 сынып аралығында «Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне орай оқу-ісінің меңгерушісі Канди Бақшагүлдің ұйымдастыруымен ашық сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар 2-топқа бөлініп, түрлі жағдаяттарға жауап беріп, қызықты тапсырмалар орындады. Сабақтың басында 10-сынып оқушысы Қайырбекова Айнаш «Мейірімділік-асыл қасиет» атты слайд дайындап қорғаса, 11-сынып оқушылары Мусенова Дильназ мен Жакенова Камила оқушылармен пікірталас жүргізді. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. «Жүректен жүрекке» бөлімінде ұстаздарына деген жылы лебіздерін білдірді.