14.02.2020
Ақпанның 12-жұлдызында Кенес орта мектебінде өзін-өзі тану пәнінен «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігінде барлықт сыныптарда «Сүйіспеншілік–өмір негізі» атты жалпыреспубликалық ашық сабақтар өтті.
Мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс – шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетіндегі өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластық сақтауы деген қағидасын түсіндіру. Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту болды.