Бүгін Кеңес ауылының жалпы білім беретін мектебінде ,,'Ана тілім мақтанышым' атты тілдер онкүндігін қорытындылау кеші өтті. Мектепалды даярлық сыныбының оқушылары тіл туралы тақпақтарын жатқа айтты.Бастауыш сынып оқушылары мен жоғарғы сынып оқушылары әсем әндері мен күмбірлеген күйлерін ортаға салды.
Тіл-байлығымыз, мәдениетіміз,әдебиетіміз екеніне көз жеткіздік.Кешіміздің қадірлі қонағы ауылдық мәдениет үйінің басшысы Шерьязданов Ережеп Көкенұлы өз шығармасын ,,Ана тілім'' әнін орындап берді.Мектеп басшысы Канди Бақшагүл оқушыларға ақ тілегін білдірді.Кеш өте әсерлі өтті.
Барлық сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне зор алғысымызды білдіреміз.
Қасиет пен құт дарыған ана тіліміз жасай берсін! Еліміз өркендеп, тіліміздің мәртебесі арта берсін!