Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

Жетписов Теміртас Рамазанұлы

10.04.2024

Жетписов Теміртас Рамазанұлы

      Тың ардагері, еңбек ардагері Ұлы Отан соғысының 2 рет медалімен және тың игерудің 25 жылдық медалімен мақтау грамотасының иегері. Кеңес ауылының тұрғыны, зейнеткер аға-ұстаз Жетпіс немересі Теміртас Рамазанұлы.

      Теміртас Рамазанұлы 1941 жылы 1 қыркүйек айында Қызылту бастауыш мектебіне 1 сыныпқа (орысша) барады. Әкесі соғысқа кеткеннен кейін ауылда туыстары болмағандықтан туған жері Еңбек ауылы Сталин ауданынан Ақмола облысы әкесінің ағасы көшіріп алады. Ол кезде 7 жаста едім – дейді кейіпкер өз сөзінде.

Ауылдан разъезд 1-2 шақырым еді, сонда да жаяу барып оқуыма тура келді. Ауылдан жалғыз болдым. Сонымен 1 сынып орысша бітірдім де әрі қаарй оқуды жалғастыруға мүмкіндік болмай, оқуға бармай қойыпты. Соғыс уақыты аш-жалаңаш өмір сүруге тура келді. Ол жылдары мен секілді жастардың жағдайы соншалықты бола қойған жоқ. Ел азаматтары соғысты, барлық жұмыс ауыртпашылық апа, әкелеріміз бен жас жас жеткіншектердің қармағында болды. (соқамен жер жырту, шөп шабу, өз ат машинасымен біздер 9-10 жастағы балалармен бірге еңбек еттік)  деп ауыр күрсінеді ақсақал.

      1944 жылы сәуірде әкесі соғыстан оралып, қызыл-ту ауылына ұстаздық еңбек етіпті. Бастауыш сыныпты сол ауылдан бітіріп 7 жылдықты Өрнек мектебінде интернатта 1950 жылы тәмамдаған екен.

      1950-51 оқу жылында 8 сыныпқа Ақмола қаласы Сталин атындағы №2 интернатта 1 тоқсан оқып, Кеңес орта мектебінде 11 сыныптан бастап, интернатта тұрып оқыған екен.

      1952-53 оқу жылында 9 оқушы Кеңес орта мектебін бітіріп аттестат (алтын медаль) алыпты. Бірінде осы 9 сыныптасынан 2 кісі ғана қалыпты. Жүнісова Төкен Исатайқызы 85 жаста қазір Ақкөлде тұрады. Сосын мен – дейді кейіпкер қалың ойға шомып....

      Ал ұстаздың жасы 1935 басталады. “Бұл менің балалық шағымның армандаған арманым еді”. Әкем ұстаз болғандықтан болар. Бірақ өмірдің өз соқпақтары болады.

      1985 жылға дейін әр салада еңбек жасадым (сауда орнында, ауыл шаруашылық саласында). Дегенмен балалық арман өз саласына тарта берді. 1965 жылы мектеп директоры Кеңес орта мектебінің Муканов Зейніл мені аудандық  оқу бөлімінің меңгерушісі Канышков Г.В алып барып сол мектепке жұмысқа жіберуін өтінді. Ол кездері мектептің жанында интернат болатын (Алексеевка,  Макинка, Шортанды) осы үш ауданнан келген оқушылар тәрбие алатын 60 шақты оқушысы бар сол интернатқа тәрбиеші болып орналастым. Тәрбиеші бола жүріп 5-10 сыныпқа дейін қазақ тілінен сабақ беріпі. (орыс сыныптарына) және қосымша 5-10 сыныптарға. 1980-81 оқу жылында интернат жабылған соң тарих пәнінен сабақ береді. Сонымен қатар мектеп директорының шаруашылық жөнінде орынбасары болып 1994 жылы зейнеткерлікке шығады. Бүгінде 84 тен асқан Теміртас ата жолдасы Мұздыбаева Асия Абдрахманқызы екеуі 8 бала өсіріп 9 немере 6 шөбере сүйіп тәрбиелеп отырған жайы бар. Осы жасқа келуіне зор еңбек етіп отырған жан жолдасы Әсияға ұзақ өмір, зор денсаулық тілеймін. Сонымен қатар Кеңес орта мектебінің ұстаздар ұжымына көп-көп рахметімді білдіремін. Қандай да бір іс-шара өткізсе, мерекелік концерттерге ұмытпай шақырып сыйлы, отырғаны үшін алғысым өте көп – дейді Теміртас ата.

Просмотров: 3469


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст