Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

Патриоттық тәрбие

27.02.2018

Кеңес орта мектебінде «Жеңімпазсыз соғыс» атты ауған

соғысы мен

патриоттық тәрбие жөніндегі іс-шаралар есебі

 

                 Кеңес орта мектебінде  «Жеңімпазсыз соғыс» атты ауған соғысына

 29 жылдығы толуына орай Кенес орта мектебінде

патриоттық  апталығы өтті.

Аптаның

басында  «Ауған соғысының ардагерлері

атты» буклетті  7-сынып оқушылары  шығарды.Буклетте  Кеңес ауылынан Ауған соғысының ардагерлерін,

соғыстан оралмаған батырлардың есімін ұмытпау және келешек жастарға үлгі

ретінде қалдыру мақсатында болды.Жалпы Кеңес ауылы бойынша 10 ауған соғысының

ардагері бар екенін, оларды ұматпауға үгіт насихат өтті. 5-сыныпта «Батырымызды

көзі тірісінде бағалайық!» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатында батырлардың

ерлігімен қатар, оқушыларға оларға арнап тақпақ шығарды.  «Достығымыз

жарасқан» атты ашық  сынып сағатын 7-сынып

жетекшісі Ахметова Қымбат Төлегенқызы өткізді. Ашық сынып сағат  өте қызықты өтті. Сынып сағатында

қысқаметражды ккинолар мен слайд арқылы ауған соғысының тарихына шолу жасады. 14-ақпан  күні   «Ана

жүрегі» атты әскери-қолданбалы спорты жарысын 

шынықтыру пәнінің мұғалімдері Жунусов Жандос және Алғашқы әскери

дайындық пәні мұғалімі Шерьязданов Ережеп Көкенұлы өткізді. Спорттық  сайыста

1-орынды 7-сынып оқушысы

Бақытбек Ақеділ иеленсе, 2-орынды Мадениятов Солташ

3-орынға  Базарбаев Мадияр және Жанболат Аманжол ие

болды.

Аптаның соңында «Ауғаныстан

менің өмірімде» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараға ауылымыздың

ауған соғысы ардагерлері Гамастинов Салихжан Галымжанович , Такенов Мұхтар

Серікович, Патко Александр Сергеевич , Оспанов Қаржас Хамарович келіп оқушылармен

кездесу жасады. Кездесу барысында ауған соғысы ардагерлерінен оқушылар сұқбат

алды. Оқушылардың сұрақтарына барлығы жауап берді.

Кездесу барысында ауған соғысы

ардагерлеріне арнап слайд көрсетілді және оқушылар шағын концерт қойды. Ауған

соғысы ардагері Гамастинов Салихжан Галымжанович оқушыларға әскери жеке күрес

түрлерінен үзінді көрсетті. Кездесу соңында ауған соғысы ардагерлері «Ана

жүрегі» атты әскери-қолданбалы спорты жарысының жеңімпаздарын мақтау қағазымен

марапаттады.Мектеп директоры оқушылар мен ұжымның атынан ауған соғысы

ардагерлерін бағалы сыйлықпен марапаттады.

  Тәрбие ісінің меңгерушісі:     \Ахметкалиева Қ.Б.\

Просмотров: 667


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст