Текст
Кеңес орта
мектебінде 28-қазан күні«Латын қарпіне көшу, күрделі үдеріс, оның мақсаты тілімізді дамыту және оны әлемдік
ақпараттық кеңістікке шығару» атты мектепішілік жиналыс өтті. Жиналысқа Кеңес
орта мектебінің ұжымы түгелдей қатысты. Жиналыс барысында қазақ тілі пәнінінің
мұғалімі Мұратхан Әлемгүл латын қарпінің жаңа үлгісін көрсетті . Жиналыс
барысында мектебіміздің техникалық қызметкері Байзурова Күмісжан латын қарпіне
көшуді қолдайтынын баса айтты.