Бүгін қыркүйектің 18-і Кеңес орта мектебінде ''Тіл дарыны'' атты аудандық байқау өтті. Оқушылар 5 кезең бойынша сынақтан өтті. 1.'Полиглот'' кезеңі. Берілген мақал- мәтелдерді үш тілде аудару. 2.''Мәдениет таным'' кезеңі. салт-дәстүрлерді түсіндіріп үш тілде айту. 3. ''Ұлттаным'' кезеңі.Сұрақтарға жауап беру. 4.''Эрудит''кезеңі. Сөзжұмбақ шешу. 5.''Тең шарттарда диалог''. Берілген сөздер бойынша диолог құрастыру. Осындай кезеңдер бойынша оқушылар бақ сынасты. Байқау соңында 9-сынып оқушысы Кажина Аяулым 1-орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. 2-орынды Бұланбаева Ақниет иеленді. 3-орынды 6-сынып оқушысы Александрова Алтынай жеңіп алды. Байқау қызықты әрі көңілді өтті. Байқауды ұйымдастырып өткізген жас маман Аятхан Жәнібекке шығармашылық табыс тілейміз.