Текст
Инклюзивті оқыту-ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды, мектеп өміріне белсене қатысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толерантылыққа тәрбиелеудің бастауы болып табылады. Осыған орай Кеңес орта мектебінің психолог-педагогі Кажина Гулдана Серікбайқызы әріптестерімізбен ашық сөйлесіп, арнайы слайд көрсете отырып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.