22-наурыз Ұлыстың
Ұлы күні
Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің
теңелу сәті, халықтардың ынтымақ күні. «Наурыз – табиғаттың мейрамы»
(С.Қожанов). Демек, бұл осы мерекені тойлайтын халықтар үшін аса зор салтанат,
ұлы жиын. Орта Азия мен Қазақстан тұрғындары бұл күнді «Самарқанның көк тасы
жібіген күн» деп те дәріптейді. Наурыз – қазақта бірінші айдың аты. Наурыз күні
халық таза киініп, бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарханын мол жаяды. «Ұлыс
құтты болсын!», «Ақ мол болсын», «Төрт түлік ақты болсын!» деген сияқты
тілектер айтылады. Адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның аяғы
ойын-сауық, ән-жырға жалғасады. Халықта бұл күнге лайық салт-дәстүрлер де бар.
Олар «Наурыз тойы», «Наурыз жыры», «Наурыз көже», «Наурыз бата» деп аталады..
«Қазақтың наурызы – дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамы»
(М.Жұмабаев)
21 наурыз күні Кеңес ауылында «Армысың,Наурыз!»атты
мерекелік іс-шаралар өтті.Ауыл мәдиниет үйінде мектеп оқушылары ауылтұрғындарына
мерекелік концерт ұйымдастырды.Мерекелік дастархан жайылып,ұлттық ойындар
өткізілді.Мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде өтті.