Текст
Қазан айының тоғызы күні Кеңес орта мектебінде «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері мен мектеп Ұланбасын онлайн сайлау өтті. Мектеп ұланбасына үміткерлікке 8 сынып оқушысы Батырәлі Ақбота мен 11 сынып оқушысы Қайырбекова Айнаш өтінім тастаған болатын. Сайлау нәтижесі бойынша Батырәлі Ақбота мектеп «Ұланбасы» болып сайланды. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері: Білім министрі – 9 сынып оқушысы Кажина Аяулым, Мәдениет министрі – 9 сынып оқушысы Буланбаева Ақниет, Кіші буын тәлімгері – 8 сынып оқушысы Ахметкалиева Наргиз, Орта буын тәлімгері – 8 сынып оқушысы Жумагалиева Сабина, Денсаулық министрі (тазалық) – 8 сынып оқушысы Истай Алина, СӨС – 11 сынып оқушысы Саткенов Аманжол, Еңбек министрі – 8 сынып оқушысы Садықов Азамат бекітілді.