Текст
"Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту" жобасы аясында өткен "Әл Фараби атындағы І халықаралық пәндік олипиадасын қатысып, Кеңес орта мектебінің 9 сынып оқушысы Кажина Аяулым ІІІ дәрежелі дипломмен және Әл Фараби 1150 жыл атты пәндік олимпиадасының материалдар жинағымен, төсбелгімен марапатталды. Жетекші ұстазы Аскенова Гүлжанар Есламбекқызы арнайы алғыс хатпен, жинақ кітаппен, төсбелгімен марапатталды. Осындай білімді шәкірттеріміз көп болып, ел мақтанышына айналып, ұстаздардың еңбегі жанса нұр үстіне нұр болар еді.