Электр тогының бір ерекшелігі - ол көрінбейтін, иісі де, түсі де жоқ, сондықтан адам оны арнайы құрылғыларсыз анықтай алмайды. Электр тогы адам ток тізбегіне «қосылған» кезде кенеттен пайда болады. Бұл жағдайда ток адамның денесі арқылы өту жолында тінін зақымдайды. Электр тогының соғуы кернеудегі ток өткізгіш бөліктерге қолайсыз жақын, қауіпті қашықтыққа жақындаған кезде, сондай-ақ адам қолданыстағы электр беру желілерінің сымдарының жерге түсу аймағында пайда болатын «қадамдық кернеу» деп аталатын жерге түскен кезде пайда болуы мүмкін. Электр тогы әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпті, өйткені олардың физикалық ерекшеліктері бойынша бұлар оның әсеріне сезімтал келеді. Бұл жағдайда біздерді барша жерде электр тогы қоршап тұратыны белгілі. Тұрғын аудандардың, мектептердің, бала-бақшаның аумағында трансформаторлық қосалқы станциялар немесе тарату пункттері орналасқан. Күнделікті тұрмыста біз балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін түрлі электр аспаптарын қолданамыз. Егер, қайсыбіреулер электр тогының әсерінен немесе электр қауіпсіздігі қағидаларын өз қарапайымдылығынан білмеуі, мәселен сынған сымға аяғымен басу арқылы түссе, ал кейбіреулері қолданыстағы электр қондырғыларында түрлі-түсті металдарды табуға тырысып, ток кернеуіне түсіп қалады. Балалардың жарақат алу жағдайларын, оның ішінде электр тогының соғуын болдырмау үшін, сіздерден балаларды қауіпсіздік ережелеріне оқытуға ерекше назар аударуды сұраймыз. Міне, осынау қағиданың негізгі талаптары: - электр шкафтарының, құрастырмалардың, қалқандардың есіктерін ашпау керек; - трансформаторлық қосалқы станциялар мен тарату пункттері жақындауға немесе қол тигізуге, олардың ішіне кіруге, сондай-ақ шатырға көтерілуге болмайды; - кабельдік және әуе электр беру желілерінің құлаған және үзілген жалаңаш сымдарына жақындамау және тиіспеу керек; - электр беру желілерінің астында ойнамау, «әуе жыландарын» жібермеу, кернеудегі электр қондырғылары мен жабдықтың жанындағы орындарды ойын үшін пайдаланбау; - сымдарды есікпен, терезе жақтауларымен қыспауға, оқшаулауға зақым келтірмеу және қысқа тұйықталу болмас үшін сымдарды шегеге бекітуге болмайды; - аспаптарда немесе сымдарда электр тогының бар-жоғын саусақпен тексеруге болмайды; - балалардың розетканың жанында ойнауына, оларға түйреуіштер мен шпилькаларды тығуға, сымдарды тартқылауға жол бермеу керек, өйткені бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін; - құрылғыларды қосу және өшіру кезінде штепсельдік ашаны сымнан емес, пластмассалық қалыптан ұстау керек. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті балаларға қауіпсіздік техникасының қарапайым ережелерін түсіндіру туралы сенімді түрдегі өтінішпен жүгінеді.