Текст
Желтоқсанның оны күні Кеңес орта мектебінде отбасылық мереке қарсаңында " 5-сынып оқушыларына " Отбасылық құндылық- сарқылмас қазына " атты тәрбие сағатын өзін- өзі тану пәні мұғалімі Аятхан Жәнібек өткізген болатын. Оқушылар өз отбасындағы әр адамның ерекше орны болатындығы және тәрбие отбасынан басталатыны туралы мәлімет алды. Сабақтың барысында өз ата-анасына әр кім қалай көмектесетіні туралы айтып берді. Сабақ соңына қарай өз отбасына ізгі тілектерін кластерге жазып " Ана -әке " атты әнді бірлесіп орындаған болатын.